«NOMAD SYNERGY» ЖШС төтенше жағдай енгізілгелі бері екінші рет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл кәсіпорын №2 облыстық аурухана мен қалалық жедел-жәрдем станциясына 1000 жұп медициналық қолғап пен HC-1 хирургиялық жиынтықтың 30 данасын тапсырды. Бұған қоса, қауіпті індетпен күресіп жүрген 450 медицина қызметкеріне түскі ас жеткізді. ⠀
«Қауіпті вируспен күресіп жатқан дәрігерлердің еңбегі зор. Біз олардың қажырлы еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, алғыс айтуымыз қажет. Бүгінгі тартуымыз – дәрігерлерге деген құрметіміздің белгісі. Біз вирусты бірге жеңеміз» -дейді серіктестік директоры Қанат Раушанов.
Жұмасат ҒАЗИЗ